Ата-анасымен ұрысқан жасөспірім олармен бірге тұрмау үшін ауласынан үңгір қазып алған
Ата-анасымен ұрысқан жасөспірім олармен бірге тұрмау үшін ауласынан үңгір қазып алған
Испанияда 14 жастағы бала ата-анасымен ұрысқаннан кейін олардан бөлек тұру үшін өз үйінің ауласынан үңгір қазып алған деп хабарлайды odditycentral.com сайты.
14 жасында ата-анасымен жанжалдасып қалған Андрес Канто оларға қатты ренжігенін айтуда. Анасы мен әкесі жасөспірімнің киген киімін ұнатпай, көшеге шығуына тыйым салған екен. Ата-анасының мұндай ескертпесін жүрегіне жақын қабылдаған Андрес олардан бөлек тұру үшін үйінің ауласынан үңгір қазуға кіріседі. Көп ұзамай, жасөспірімнің ата-анасына деген реніші басылғанымен, үңгір қазуға деген қызығушылығы арта түседі.
Андрес үңгірді қазып шығу үшін көмекке досын шақырады. Ақыры үңгірді қазуға алты жылын сарп еткен ол бүгінде жеке үңгірдің қожайыны атанып отыр. Андрес үңгірдің төбесін арнайы доғалармен, сондай-ақ бағаналармен тіреген. Жас жігіт құрылыс материалдары оған шамамен 50 еуроға түскенін айтуда. Ол үңгірін электрмен, Wi-Fi-мен және жылумен жабдықтаған, бірақ жаңбыр кезінде үңгірге су жиналатыны қиындықтар тудырады екен.