Жаңалықтар

Елімізде 23 мың бала балалар үйінде тәрбиеленуде

Елімізде 23 мың бала балалар үйінде тәрбиеленуде

 width= Еліміз балаларды қорғау жөніндегі халықаралық рейтингте 50-ші орынға жайғасыпты. Былтыр Қазақстан бұл көрсеткіште қырқыншы орыннан көрінген еді.  Былай қарасаң, бір жылда бірден он сатыға секіріппіз.  Бүгін бірінші маусым - балаларды қорғау күні ғой.  Үйдегі ұл-қызға қаншалықты қорған болып жүрміз? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Елде әр тәулік сайын екі бала зәбір көреді екен.  Бөтен біреуді қойшы, бауырынан қорлық көретіндер көп. «-Нұрлан аға мені зорлады дейді. Қалай зорлады десем, осылай-осылай. Сосын мен айттым, сен папаға неге айтқан жоқсың? Мен папаға иайттым, папа айтты кет құры ешкімге айтпа, қазір ұрып-ұрып өлтіремін деп» 23 мың бала анасының аяулы алақанын, әкесінің жылуын сезбей, балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. "Құшағына алшы, бауырыңа басшы, тек мейірім ғана қажет әке» Үлкендердің қарауынсыз қалып,  тек жыл басынан бері  қызыл жалыннан 17 бала қаза тапты. Шомылу маусымы басталмай жатып,  34 балғынның өлімі судан болды. «-Кетіп бара жатқанда мені бетімнен сүйіп-сүйіп, менің барғым келмейді деп сезген ау бірдеңе». Хош, айта берсең көп. Бір жайсыз хабардың жаңғырығы басылмай жатып, жаңасы шығады әйтеуір.  Содан халықаралық рейтингке де ренжуіміздің жөні  жоқ шығар.  Бүгін бас қалада балалар мерекесі де ерекше өтті. Балғындарға мерекелік концерттерден бөлек, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Нұрай ҚҰРАҚПАЙ: «Төтеншеліктердің мәліметінше, жаз айларында балаларға ең қауіпті аймақтардың бірі осы өзен-көлдер сулары саналады екен, қазір біз арнайы мамандармен рейдке шығып, мерекеде қауіпсіздік ережелері қаншалықты сақталып жатыр екен, соны бақылауға бел будық». Бүгін бас қалада аптап ыстық. Содан болса керек, ел-жұрт суға түсуге ынтық. Жағалауда ығы-жығы адам.
«Бірінші маусымнан бастап, Нұр-Сұлтан қаласында суға шомылуға  рұқсат етілген. Сол үшін адамдардың саны көбейіп жатыр. Үлкендердің қарауынсыз жүрген балалар көп пе? Енді байқалып жатыр. Сондай жағдайлар көп болып жатыр», дейді Құмар РЫМБЕКОВ, Байқоңыр аудандық ТЖД Инженері.
Балалар қауіпсіздігі бүгін Үкімет үйінде де қозғалды.  Премьер-министр Асқар Мамин әр баланың балалық шағы бақыт пен шаттыққа толы болу керектігін айтып,  келер жылы елімізде "Балалар игілігі индексі" енгізілетінін хабарлады. Оған сәйкес, енді мектептер тиісті қауіпсіздік инфроқұрылымдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Иә, таусылмайтын  әңгіме көп бала жайлы,  балаларсыз өмір қызық болмайды. Біз оларды аяласақ, қорғасақ, ел ертеңін сол балалар қорғайды.  Мереке құтты болсын! https://www.youtube.com/watch?v=4BRJwUkNP90