Ақтауда сот судьясына белгісіз әйел пара тастап кеткен
Ақтауда сот судьясына белгісіз әйел пара тастап кеткен
Судьяны сатып алмақшы болған. Ақтауда Маңғыстау облыстық сотының судьясына қомақты қаржы тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Өзін таныстырмаған әйел сот ғимаратына келіп, судья Ғабит Бастаубаевпен кездескісі келетінін айтқан. Алайда мамандар оған ішке кіруге рұқсат жоқ депті. Осыдан кейін ол ішінде сыйлығы бар пакетті судьяға табыстауды өтініп кетіп қалған. Күмән туғызған дорбаны ашуға жүрексінген мамандар жедел тергеу тобын шақырытқан. Тінткен кезде пакеттің ішінен 300 мың теңге ақша мен қымбат иіс су табылды.
Жедел тергеу тобы аталған пакетті ашып, оның ішінде 300 мың теңгемен бірге ақ қорап анықтады. Қорапты алдын ала жарылғыш зат бар-жоғын анықтау мақсатында іс-әрекет жүргізіліп, жарылғыш заттың жоғы анықталған кезде одан иіссу алынды. Қазір тергеу жүргізілуде, дейді Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы.