Байбектің заңгері: Сыбайлас жемқорлық та, миллиард та, бизнес-империя да жоқ
Байбектің заңгері: Сыбайлас жемқорлық та, миллиард та, бизнес-империя да жоқ
Бауыржан Байбектің адвокаты Айжан Ташенова Б.Байбектің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қарсы берген талап-арызы бойынша кезекті сот отырысының жұма күнге, яғни 4 маусымдағы сағат 10.00-ге тағайындалғаны туралы хабарламаны, сондай-ақ тәуелсіз психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысының көшірмесін алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Ол өз постында: «Өздеріңіз білетіндей, 14 мамырда соттың бірінші отырысында жауапкерлер Ж.Мамай мен И.Иманбаева біз ұсынған психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларымен «сараптаманың өзімен таныспаса» да (адвокат Ғ.Нұрпейісовтің сөзі) келіспейтіндіктерін білдірген еді.
Осыған байланысты 19 мамырда, яғни екінші отырыста Азаматтық процестік кодекстің 82-бабына сәйкес судья тәуелсіз сот сараптамасын тағайындады.
Мен Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институты берген психологиялық-филологиялық зерттеудің қорытындыларымен таныстым. 26 беттен тұратын құжатта сараптамашылар сот қойған 12 сұраққа егжей-тегжейлі жауап берген.
Мамандардың тұжырымдары анық: бейнежазбалар мазмұнында Б.Байбектің жеке басы мен қызметі туралы кесімді формада айтылған жағымсыз ақпарат, сондай-ақ қолданылу астарында талап қоюшының ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту сипатындағы сөздер бар.
Осылайша, тәуелсіз сот сараптамасы біз бұрын ұсынған жеке сараптаманың тұжырымдарын толығымен растайды. Қызығушылық танытқан кез келген адам өзі салыстырып, менің сөздерімді қажетінше тексеріп көру үшін 2 қорытындының да толық мәтіндерін салып отырмын.
Жауапкерлердің де өз сараптамаларын ұсыну құқығы болғандығын ерекше атап өткім келеді. АЛАЙДА, олар бұл құқығын сол күйі пайдаланбады. Оның себебі анық: Мамай да, Иманбаева да, олардың 3 адвокаты да ешбір кәсіби сараптамашы олардың соттағы мүдделері мен ұстанымына сәйкес қорытынды бермейтінін жақсы біледі» деді. Екіншіден, сотқа дәлелдемелер ұсынуға қатысты: «Б.Байбек талап қоюшы ретінде Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның негізсіз долбарлары мен өтірік айыптауларын жоққа шығаратын қажетті барлық құжат пен фактілерді сотқа ұсыну бойынша өз құқығын пайдаланды. Сонымен қатар, біз ұсынған әкімдіктің 20 қаулысы мен басқа да ресми құжаттар Б.Байбектің Алматы әкімі лауазымында жұмыс істеген кезеңде қабылдаған шешімдерінің заңдылығын, олардың мемлекет пен қоғам мүддесіне бағытталғанын растайды. Жауапкерлер осы уақытқа дейін біздің дәлелдеріміз туралы тіс жармай, тіпті теріске де шығармай келеді.
Бұл материалдарға жасалған сілтемелердің барлығы 30 сәуірдегі талап-арызда келтірілген және Facebook-тегі менің парақшамда жарияланған (https://www.facebook.com/100018104222401/posts/835210507092416/ ?d=n).
Бұл ретте Ж.Мамай мен И.Иманбаева өздерінің тікелей міндеті екендігіне қарамастан, әлі күнге дейін сотқа бірде-бір дәлел ұсынған жоқ.
Яғни, «журналистік зерттеу» деп атаған жалған айыптауларына екі ай болғанына қарамастан, жауапкерлер бірінші отырыста «дәлелдемелер жинауға қосымша уақыт ұсынуды» сұрағанын да еске сала кеткім келеді. Сот Азаматтық процестік кодекстің 166-бабына сәйкес 25 мамырға дейін мерзім бере отырып, өтініштерін қанағаттандырды. Алайда, жауапкерлер осы уақытқа дейін, яғни 1 маусымға дейін қандай-да бір растайтын құжаттар ұсынған жоқ, не нақты қарсылық білдірмеді.
Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның «журналистік зерттеуі» шыққаннан бері 50 күн өткенін, ал сотқа нақты талап арыз берілген күннен бері 33 күн өткенін ерекше атап өткім келеді. Осы кезең ішінде олар әртүрлі youtube-арналарға 12 видео және 4 сұхбат жариялап, онда «көптеген материалдар мен дәлелдемелер бар» дегенді қайталап айтудан танбады.
Мұның барлығы бір ғана дүниені, яғни Ж.Мамай мен И.Иманбаевада Б.Байбектің атына айтылған негізсіз және толықтай ойдан шығарылған айыптауларына бірде-бір дәлелдемелерінің жоқ екендігін білдіреді.
Сондықтан да жауапкерлер «өз абыройларын» қандай да болсын тәсілмен сақтау үшін жанталаса ілік іздеу арқылы сот процесін арзан қойылымға айналдырмақ болып, өздерін әділетсіз сот төрелігінің құрбаны етіп көрсетуге тырысып отыр. Бұған қоса олардың адвокаттары қисынсыз және мүлдем орынсыз талаптар қойып, талқылауды тақырыптан басқа жаққа бұрып, түрлі жолмен конструктивті пікірсайыстан қашып бағуда.
Соттың түсіндірме-хат жолдауына да тап осы жәйт себеп болды деп ойлаймын. Онда тараптардың процестік міндеттері және оны орындамаудан туындайтын салдарлар егжей-тегжейлі көрсетілген.
Азаматтық процестік кодекстің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес дәлелдемені тараптар сот талқылауына дайындық сатысында ұсынады. Яғни Ж.Мамай мен И.Иманбаева Б.Байбекке қарсы айтылған айыптауларға тиісті дәлелдемелерді тікелей сот талқылауы басталғанға дейін ұсынуға міндетті. Маңызды себептерсіз материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда, оларды сот қабылдамауы да мүмкін» деп өз постында жаза кетті. Үшіншіден, Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның талап-арыздың мазмұнын бұрмалау әрекеттеріне қатысты. Жауапкерлер біздің шағымдарымыздың мәнін бұрмалап, Б.Байбек олардың бейнежазбаларында келтірілген айыптаулардың бір бөлігін ғана жоққа шығаруды талап етеді деп айтуда. Нақтылап айтсам, іс жүзінде жауапкерлердің аталған бейнежазбадағы айыптаулары 3 негізгі бөліктен тұрады: - «Б.Байбек мафиялық-жемқорлық құрылым құрды..., Алматыда жерге және мемлекеттік мүлікке қатысты көптеген алаяқтық жасады»; - «әкім болған 4 жылға жуық уақытта ... оның отбасының қаржылық жағдайы миллиард АҚШ долларынан асты»; - «ол мемлекеттік бюджетті ұрлады, алаяқтық жасады және өз адамдары үшін бизнес ашты..., іс жүзінде үлкен бизнес-империяның қожайыны».
Жемқорлық схемасына «дәлелдеме» ретінде Ж.Мамай мен И.Иманбаева Қазақфильм, Атакент, Іле-Алатау ұлттық паркі, Әл-Фарабиден жоғары жақтағы алма бағы, Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жерлерін құрылыс жүргізу және тұрақ салу үшін жеке қолға берді, автобустар сатып алу кезінде миллиондар алды-мыс деген секілді қисынсыз мысалдар келтіреді.Біздің талап-арызымызда сыбайлас жемқорлық туралы олардың жалған мәлімдемелерінің өзегін құрайтын неғұрлым резонансты дәл осы мысалдар қамтылды. Жоғарыда атап өткенімдей, біз қабылданған шешімдердің заңдылығы мен ашықтығын растайтын барлық дәлелді ұсындық. Яғни, сыбайлас жемқорлық туралы фактілердің барлығы толықтай ойдан шығарылған: сыбайлас жемқорлық схемалары да, миллиард та, оған қоса, бизнес империя да жоқ. Сондықтан да жауапкерлердің басқа барлық айыптаулары мән-мағынадан жұрдай!
Оған қоса, Ж.Мамай мен И.Иманбаева айыптауларының әсіре абсурд екенін атап өтемін! Елестетіп көріңізші, 1 млрд. АҚШ доллары – бұл шамамен 430 млрд. теңге, яғни Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары сияқты өңірлердің жылдық бюджеті деп жазды!Талқылау барысы туралы әрі қарай да хабардар болу үшін: https://drive.google.com/.../14injITaxkNs5S...