Жаңалықтар

Депутат мемлекеттік қызметке тағайындалды

Депутат мемлекеттік қызметке тағайындалды

 width=

Кентау қаласы әкімінің өкімімен қала әкімдігі аппаратының басшысы болып Амалбек Өміртай Дәркенұлы тағайындалды, — деп хабарлайды Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Мамандығы экономист Амалбек Дәркенұлы еңбек жолын 2017 жылы  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінде сарапшы болып бастаған.

2018-2019 жылдары Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар коледжі директорының ақпараттық технологиялар және ішкі бақылау мәселелері бойынша директор орынбасары, 2019-2020 жылдары «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалы экспортты ілгерілету орталығының жетекшісі,  2020-2021 жылдары аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы қызметін атқарған.

Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылымдағы депутаты.

2021 жылдың 31 мамырынан бастап Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.