Жаңалықтар

Келін – үй қызметшісі емес: Меруерт Түсіпбаева ене мен келін тақырыбын қозғады

Келін – үй қызметшісі емес: Меруерт Түсіпбаева ене мен келін тақырыбын қозғады

Әнші Меруерт Түсіпбаева ажырасқан Айжұлдыз Адайбекованың оқиғасын айта келе ене мен ене тақырыбына қатысты ойын білдірді.  Келін құл емес деен әншінің жазбасы көпшіліктің талқылауына түсті.
Осы өзекті тақырып аясында әңгіме көп…. Біз, қазақтар “ Ұят болады“, деп жылы жабамыз. Айжұлдыз ажырасуының себебін ашық айтты!! Келісемін!!! Келін – үй қызметшісі емес!!! Сол келін, бұрын сол үйде болмағанда, әлі келін болып түспей жатқанда, еден жуылып, шаң сүртілді емес пе?! Аш отырған ба, сонда, сол үйдің адамдары, келіннің түсуін күтіп? Мен, өз басым, біреудің алақанға салып өсірген қызын, өзге босағаны аттай сала, жұмсай жөнелгенді құптамаймын! Казіргі жастардың денсаулығы да жарамайды оған. Атам заманда, “Сарыағашқа” келін болып түскенімде, беташар біте сала қайын апам шаңсорғышты меңзеп “Тазала!!” дегені әлі есімде… Адаптация қайда сонда?! Бөтен ортаға түсіп, онсыз да мазасыз күй кешіп тұрған нәзік жандыға – бәрі стресс!!! Мен, талай рет сұхбат бергенде айттым “Мен, бір күн, келініммен тұрмаймын деп”.