Жаңалықтар

Қытайда отбасыларға үш балалы болуға рұқсат етілді

Қытайда отбасыларға үш балалы болуға рұқсат етілді

 width= Демографиялық саясаттағы өзгерісті Коммунистік партияның басшылығы мақұлдады деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Бұл шешім өткен жылы елде 12 миллионға жуық бала дүниеге келгенін көрсеткен халық санағына байланысты қабылданды - бұл 1960 жылдардан бергі ең төменгі көрсеткіш. 1979 жылдан бастап Қытай «бір отбасы - бір бала» саясатын жүргізді. Ережені бұзған ата-аналар айыппұлға, жұмыс орынынан шығаруға, кейде мәжбүрлі түсік жасатуларға тап болды. 2015 жылы отбасыларға екі баланы тууға рұқсат етілген болатын.