Қорқынышты фильмдерді неге көруге болмайды?
Қорқынышты фильмдерді неге көруге болмайды?
Көп жағдайда ужас фильмдер негативті әсер қалдырады. Қорқыныш, уайым және түрлі эмоция – ужас фильмнің басты мақсаты.
Мұндай сезімдер тек ужас фильмдерге тән. Сондай-ақ, аталған жанрдағы фильмдерді жиі көретін адамдар ашуланшақ және агрессивті болып келеді. Олардың психикасы қызба, ал, эмоционалды жағдайы тұрақсыз болады. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Өкінішке орай, көп жағдайда мұндай фильмдерге қызығатын жандар фильмдегі жағымсыз кейіпкерден үлгі алады. Сонымен қатар, қорқынышты фильмдерді көрудің салдары көрерменді жағымсыз оқиғаларға итермелейді. Көбінесе мұндай фильмдерді жеткіншектер мен психикасында ауытқуы бар адамдар көреді.
Медициналық зерттеу нәтижесі былай дейді: ужас фильмнен кейін адам ағзасы мен қан құрамында антителла мен гормондар тез көтеріледі. Олар қорқынышпен күресуге бағытталады. Сондықтан аталған жанрдағы ең қорқынышты фильмдер адам организмін құрдымға кетіруі мүмкін деуге негіз бар.