Асыл өнердің алып нары - Темірбек Жүргенов
Асыл өнердің алып нары - Темірбек Жүргенов
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері Нарком Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған «Темірбек Жүргенов - қазақ руханиятының көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Бауыржан Иманғалиев фейсбук парақшасында жазды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
ХХ ғасырдың 37-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Зұлмат жылдарда 2 миллионнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеге жабылды. 20 мыңға жуығы жазықсыз атылды.
Мұның мақсаты- қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарды ұлықтау. Т. Жүргеновтің қазақ мәдениеті мен әдебиеті, ағартушылық саласына қосқан зор үлесін дәріптеу.
Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтсақ, ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Ж. Жылқышиева, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү. Мұңалбаева, Т. Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы С. Аңсат, "Парасат жолы" орталығының жетекшісі С. Түгел, қоғам қайраткері Ә. Бәкір, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, фил.ғыл.канд., алаштанушы-ғалым,
Қ. Сақ, ІІМ полковнигі, туысқаны Ә. Шаймағамбетов, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жүргеновтанушы-ғалым Б. Иманғалиев тағы басқа азаматтар қатысып, Темірбек Жүргеновтың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, отандық білім саласына сіңірген еңбектерін, ой-пікірлерін айтып өтті.
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарын ұлықтау басты мақсат болды.