Жаңалықтар

Ақтөбеде жүк көлігінің астында қалған велосипедші қайтыс болды

Ақтөбеде жүк көлігінің астында қалған велосипедші қайтыс болды

 width= Ақтөбеде 30 жастағы велосипед жүргізушісін жүк көлігі қағып кетті. Жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмды , деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «КаМАЗ» көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен жүріп, «Шалқар» дүкені маңында велосипедшіні қағып кетті. Ол белгілендеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде жүк көлігімен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мұндай жерде адамдар көбіне велосипедпен жүреді. Жүргізушілер жылдамдықты сақтап, қырағы болуы тиіс. Кез келген сәтте адам немесе велосипед жүргізушісі шыға келуі мүмкін. Облыстық полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.