Тағы да «вакциналанды» деген құжат сатылып жатыр. Алаяқтар ұсталды ма?
Тағы да «вакциналанды» деген құжат сатылып жатыр. Алаяқтар ұсталды ма?

Бүгінгі таңда мына таралып жатқан ақпарат фейк. Біздің комитет тарапынан ешқандай құжат қағаз түрінде бермейді. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша біз құқық қорғау органдарымен іздестіру жұмыстарын бастадық. Өздеріңіз білесіздер жалған ақпарат таратқандар міндетті түрде жазаланады», деді Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкіліБүгінге дейін вакцинаның бір дозасын 2 млн 76 мың қазақстандық қабылдаса, екпенің қос компонентін 1 млн 21 мың отандасымыз алған. Препаратты салдырған соң, вирусқа қарсы иммунитет тек 14 күннен соң ғана түзіледі екен. Дегенмен, ақ халаттылар, екпе ауырып қалмауыңызға 100 процент кепілдік бермейтінін ескертіп отыр. Алайда вакцинация - аурудың асқынып қалу қаупін айтарлықтай жояды, дейді.
Вируспен ауырып шыққан көп науқас бізге бірқатар шағыммен қайта келеді. Ұйқым бұзылды, шашым түсе бастады, әлсіздік сезіп жүрмін деген сияқты. Бүгінде осы сарындағы шамамен 600-ге жуық пациенттің шағымын тыңдадық. Алайда вирусқа қарсы вакцина қабылдап, кейін ауырып шыққан науқастарда мұндай тенденция байқалмайды. Яғни екпе - сіздің індетті жеңіл жеңіп шығуыңыздың кепілі», деді Махаббат БЕКБОСЫНОВА, «Ұлттық Ғылыми Кардиохирургиялық Орталық» АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бас Кардиологыhttps://www.youtube.com/watch?v=bQBSZcnYibg