Болашақтың көлігі- «Тесланың» Түркістанға келетіні рас па?
Болашақтың көлігі- «Тесланың» Түркістанға келетіні рас па?

«Ондай деңгейдегі адамнан әкім я басқасы қандай адам ақша талап ете алады? Ете алмайды. Ал біздің халық соған дайын ба?Әрине дайын! Біздің қанша ұл қыздарымыз әлемдік деңгейдегі олимпиадалардан жүлдегер болып келді. Оның барлығы не деген сөз! Оның барлығы біздің елде потенциал бар деген сөз!», деді Талғат Омаров, қоғам белсендісі.Электромобильді Қазақстанға шығаруға жастардың потенциалы жетер-жетпесін уақыт көрсетер. Есесіне, Түркістан қаласы әкімінің потенциалы бар екенін аңғардық! Бізде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар деген әкім Аюповтың пайымынша Тесла үшін Түркістан таптырмас мекен.
«Зауыт Қазақстанда, Түркістан қаласында Байқоңыр ғарыш айлағы маңында болу керек. Бізде менделеев кестесіндегі бүкіл элемент бар. Қала Жібек жолы өтетін жерде орналасқан. Барлық инфрақұрылым мен арнайы экономикалық аймақтар бар. Түркістан Тесла үшін қолайлы. Марсқа бірге жетейік!», деді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.Десе де, Марсты айтпағанда Масктың басқа шаруалары да шаш етектен. Соңғы жылдары ол кедейленіп барады. Тесланың акциялары әлемдік биржада құлап, өнертапқыш 20 миллиард долларын жоғалтты. https://www.youtube.com/watch?v=Eoc6h86PjPc&list=PL_blKZJ1z0cBEU6-Gm9_kbbojSy0YzSfo&index=6