Назым Қызайбай алты дүркін әлем чемпионын жеңіп, Азияның алтынын алды
Назым Қызайбай алты дүркін әлем чемпионын жеңіп, Азияның алтынын алды
Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екі алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі olympic.kz.- ке сілтеме жасап.
Қазақстан сапынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова біріншіліктің алтын жүлдегері атанды. Ол финалда өзбекстандық Гүлсая Сұлтанәлиеваны жеңді.
Команданың көшбасшысы, 51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген.