Павлодарда сәбиді анасының ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалған (видео)
Павлодарда сәбиді анасының ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалған (видео)

Бұл факт Павлодардың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген. 1989 жылы туған әйел, жас баланың анасы екені анықталды. Анасына қатысты ҚК-нің 140-бабы "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.Оның айтуынша, баланы дәрігерлер тексерген.
Сәби 10 айлық. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды, өмірге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп атап өтті Мәсімов.Полицияның мәліметінше, баладан басқа, 32 жастағы әйел 12 және 14 жастағы тағы екі баланы тәрбиелеп отыр.