Сел алып кеткен оқушы қызды іздеп тапқан инспектор мән-жайды баяндады
Сел алып кеткен оқушы қызды іздеп тапқан инспектор мән-жайды баяндады

Кеше сағат 16.00 шамасында Шарында сел жүрді, қыз бала жоғалды деген хабар келді. Бірден іздестіру жұмыстарын жүргіздік. Қараңғы түсіп кетуіне байланысты іздеу жұмыстарына нәтиже болмады. Іздестіру жұмысы тоқтатылды. Таңғы 05.00-де сол жерде болдық. Өзен жағасында отырған қызды тауып алдық. Су жағалап келе жатқанда, қарсы беттен қыздың «Құтқарыңдар!» деген дауысын естідік. Өзеннің қарсы бетінде отырғандықтан, бірден құтқара алмадық. Тиісті органдарға хабарласып, төтеншеліктерді шақырдық. Олар келгенше, бақылап тұрдық», – дейді ол.11 жастағы қыз бала оқиға болған жерде, 1,5 шақырымдай төмен кеткен. Сел ағысы қатты Шарын өзеніне құйылған.
Шарын өзенінің ағысы қатты болды. Оған сел кеп құйылды. Қыздың көрер жарығы бар екен, құдай сақтады! Ит-құс та бар. Мұндай жағдайда тіру қалады дегенге сену қиын», – дейді Ермек Өмішов.Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда Шарын шатқалында селден 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шеккен еді. Сонымен қатар, бүгін сел салдарынан жоғалып кеткен қыз табылған болатын.