Алмарасанда мас күйде көлік жүргізген әйел көлік апатына ұшырады
Алмарасанда мас күйде көлік жүргізген әйел көлік апатына ұшырады
Алматыда Алмарасан шатқалында 30 мамырда түнде жол көлік оқиғасы болды. Шатқал ішінде Porsche Cayenne автокөлігінің жүргізушісі бұрылыста тізгінге ие бола алмай, жол шетіне шығып кетті.
Көліктің қатты жылдамдықпен келе жатқаны соншалық, жолдан шығып кеткен соң 20 метр жердегі өзен жағасына барып әрең тоқтаған.
Көлік жүргізіп отырған әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төнетіндей жарақаты жоқ екенін айтты.
Көлікте тағы бір адам болған.
Ауруханада алғашқы көмек көрсетілген соң, жүргізуші әйел наркологиялық тексерістен өтіп, оның мас күйде болғаны расталды.