Түрікменстан президенті Қазақстанға "Каспий" атты жаңа қала құруды ұсынды

12 Тамыз, 2019 284 0

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан сынды көрші мемлекеттерге жаңа «Каспий» атты инновациялық қала құруға ұсыныс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

«Технологиялық және инновациялық старт үшін маңызды алаң құру ойға қонымды нәрсе. Осы мақсатта халықаралық инновациялық-технологиялық орталық құруды ұсынамын. Бұл инновациялық қаланы «Каспий» деп атауға болады», - деді Бердымухамедов Түрікменстанның «Аваз» шипажай аймағында өтіп жатқан Каспий экономикалық форумында сөйлеп тұрып. 

Президенттің ойынша, инновациялық қалада цифрлық кластерлер құрылады. Ал бұл қаланың қай жерде құрылуы мүмкін екенін Бердымухамедов нақтыламады. Сондай-ақ, ол Каспий маңындағы мемлекеттер территориясы арқылы Оңтүстік Азияға, Азия-Тынық мұхиты өңіріне, Қара және Жерорта теңізіне, Иран мен Таяу-Орта Шығысқа, Ресей арқылы Балтық теңізіне өтуге мүмкіндік беретінін бөлісті. Осы орайда, ол Каспий маңындағы мемлекеттердің өзара транспорт мәселесін реттеп алғаны жөн екенін де жеткізді. 

Бірінші Каспий экономикалық форумының жұмысына Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев, Әзербайжан премьер-министрі Новруз Маммадов және Иранның бірінші вице-президенті Эсхак Джахангири қатысып отыр. 


Тегтер: «Каспий», қала, Түрікменстан, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.