Жаңалықтар

Қазақстанға импортталған картоп пен сәбіз тұқымынан жұқпалы бактерия анықталды

Қазақстанға импортталған картоп пен сәбіз тұқымынан жұқпалы бактерия анықталды

 width= Қазақстанға импортталған тұқымдардан сәбіз бен балдыркөктің барлық дақылын жойып жібере алатын бактерия анықталды.
Биыл сәуір айынан мамыр айына дейін Қазақстанға Германия, Нидерланды және Франция елдерінен жеткізілуі тиіс 228 тонна тұқымдық картопты, 46,4 келі француз сәбіз тұқымын тексергенде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары картоп тұқымынан (зебра чипі) зиянды қоздырғыш бактериясын анықтады», делінген хабарламада.
Candidatus Liberibacter Solanacearum бактериясы ISO 17025 халықаралық стандартына сәйкес аккредиттелген Өсімдіктер карантині республикалық орталығына қарасты Алматы аймақтық карантиндік зертханасының сараптама қорытындысы арқылы расталған. Зерттеулер адами фактор әсер ете алмайтын және жалған оң нәтиже көрсету мүмкіндігін болдырмайтын сертификатталған тест-жиынтықтар қолданылып, ПТР талдауға арналған жоғары сезімтал детекциялау жабдығымен жүргізілді.
Candidatus Liberibacter Solanacearum Қазақстан Республикасының аумағына жоғары фитосанитарлық қауіп төндіреді. Зебра чипі картопқа, қызанаққа, сәбіз бен балдыркөкке және басқа да дақылдарға кері әсер етеді. Бактериялар республика аумағына таралатын болса, өнімді түгелдей жойып жіберуі мүмкін және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді», делінген хабарламада.