Бастапқы әскери дайындықты оқытудың басты мақсаттары мынадай:
Оқушыларды Қазақстан Республикасы Карулы Күштерінде қызмет ету дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Республикасы мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде мерзімді шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылғaн әскери техника мен қару – жарақты үнемі әзірлік жағдайда ұстау;
– Оқушылардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы үйлесімді жүйесін қалыптастыру;
– Оқушыларды қарулы қорғаныс рөлі нақты түрде өсіп отырған Қазақстандықтарды жаңа технологияға, өмірге даярлау.
Бастапқы әскери дайындыққа үйретудін басты міндеттері негізінде нақты дағды қалыптасады, оның ішінде аса маңыздысы – оқушылардың сенімділігін, сана, Республиканың егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілік болып табылады. Бастапқы
әскери дайындық пәнінің зеpттeу объектілері. Пәнді оқып-үйрену негізінде басты жағдайда Қазақстан Республикасының конституциялық міндеттері мен құкықтарын зерделеу, Қазақстан Республикасының арналуы мен сипатын түсіну, әскери іс пен Азаматгық қорғаныс негіздерін даярлау кезінде қажетті теориялық білімдер мен практикалық дағдыларға ие болу тұрақтылықты қалыптастыру болып табылады.
“Бастапқы әскери дайындық” пәні мазмұнының таяудағы даму болашағы әскерді қайта құру кезінде қазіргі кезеңдегі Карулы Күштерінің алдына қойып, есепке ала отырып, әскери Доктринаның маңызды талаптарының бірі – білімді дайындалған, жаңа технологияны меңгерген армия болып табылады.
“Бастапқы әскери дайындық” пәнін оқушыларға оқыту әскери адамға кәсіби білім береді. Оқушыларды Қазақстандық патриотизм, интернационализм, аға буын әскери дос борышқа және әскери антқа берік болуға баулу, Қарулы Күштер қатарындағы әскери, жалпы айтқанда әскери әзірлікті қолдауға ықпал етеді. Базистік оқу жоспарындағы “Алғашқы әскери дайындық” пәнінің орны “Бастапқы әскери дайындық” оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы орта БОЖ-ның мемлекеттік компоненттік құрушылардың бірі болып табылады. Пән “Дене шынықтыру және БӘД” білім саласына кіреді. Базистік оқу жоспарындағы “Бастапқы әскери дайындық” МЖС-да міндетті
түрде оқыту көрсетілген.
Бастапқы әскери дайындық пәнінен білім беру білім берудің негізгі бағдарламасы. Оқушылардың алғашқы әскери дайындығы мазмұны мен міндеті, мақсаты. Қазақстан Республикасының “Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет туралы, «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдары. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде, Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы. Қазақстан Республикасының негіздері мен даму перспективалары. Қазақстан әскери саясатының жалпы қағидалары Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі. Армияның қоғамдағы және
мемлекеттегі орны.
Республиканың Қарулы Күштерінің түрлері, олардың тағайындалуы және құрамы. Қызмет – сарбаздарда патриотизм мен интернационализм қасиеттерін қалыптастыру мектебі. Республиканың мемлекеттік нышандары, әскери бөлімнің Жауынгерлік туы, Қазақстанның Карулы Күштері әскери қызметшілерінің әскери анты. Қаэақстанның әскери саясаты, ретінде әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістерде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның әскери доктринасы, бейбіт уақытта, қауіп төнген және қақтығыс басталған кезде әскери
қауіпсіздікті қамтамасыз ету ушін мемлекет шешетін міндеттер. Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекет құрылымында
тағайындалуы. Әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздері. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау. Қазақстанда әскери офицер кадрларды даярлау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сарбаздарды даңқты батырлардың ерлігінде даярлау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы Әскери Жарғылары. Тәртіптік Жарғының
маңызы, әскери тәртіпті сақтаудағы әскери қызмeтшiлердің мiндeттepi болып табылады.
Атыс дайындығы – ұрысқа дайындық барысында жауынгерлердің қызметінің негізгі бөлігін құрайды. Мұнда оқу, міндетті еңбек және ойын кезеңінен элементтері күрделі үйлесім табады.
Саптық дайындық – бұл әскерді
оқыту мен тәрбиелеудің маңызды бөлімі. Сап – бұл әскери қызметті орындау үшін адамдарды ұйымдастыру. Сондықтан саптық дайындық кезінде жауынгерлер
бөлімшенің құрамында келісіп әрекет
етуге дағдыланады, бұйрықтарды орындайтын әскери қызметшілер ерекшеліктері қалыптасады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызмет жарғысының мәні мен маңызы, әскери қызметшілердің мінез – кұлқы мен әскери әдептілігі.
Қазақстан Республикacы Қарулы Күштері Гарнизондық және Қapayылдық қызметтерінің жарғысы. Тәуліктік кезекшінің міндеттері. Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызмет үшін объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау, сақшының міндеттері.
Ротаның жеке құрамына арналған үй – жайлар, үй – жайлардағы жатын бөлмелер. Жатын бөлмелерді күтіп баптауға қойылатын талаптар. Қаруды сақтауға қойылатын талаптар. Ротаның жеке заттары мен сақтауды қамтамасыз ету.Әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізілетін шаралар, өрт пайда болған жағдайдағы жеке құрамының іс-әрекеті. Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттері. Әскери бөлімнің күн тәртібі, күн тәртібінде қарастырылатын шаралар. Әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын cayықтырy шарттары. Әскери қызметшінің денсаулығына медициналық бақылау жасау. Тактикалық дайындық. Әскери өнер тактикасының дамуы. Жаңа қару мен ұрыс жүргізу тактикасының дамуы. Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс сипаты мен міндеттері, мақсаты.Ұрыс жүргізу принциптері және, қарсыласқа зақым келтіру құралдары. Мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру. Мотоатқыштар бөлімшесінің
ұрыстағы мүмкiндiктepi мен жауынгерлік міндеті. Қорғаныстағы бөлімше, Шабуылдағы бөлімше, Мотоатқыш бөлімшесінің жорық ұрысқа кіруі және ұрыс реті. Сарбаздың ұрыстағы Іс – әрекеті. Бақылаушы – сарбаз. Қорғаныстағы сарбаз. Шабуылдағы сарбаз. Мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру. Штаттық қарулануы мен ұрыс техникасы. Ұрыс сипаттамасы және оның түрлері. Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі. Атыспен маневр жасау. Бөлімшелермен және атыспен басқару.Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері. Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Корғаныстағы атыс жүйесі. Корғаныстағы взводтың орны, рөлі мен міндеттер.
Қазіргі ұрыстарда барлау жүргізу тәсілдері мен міндеттері, рөлі. Шеру негіздері. Взводтың жорық күзеті. взводтың бір орында орналасуы. Взвод сақтық күзетін, Карулы қақтығыстағы арнайы іс-қимылдар. Бөлімшелердің ұрыс тапсырмаларын орындау кезінде блокпостты инженерлік жарақтандыру.
Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы колданылатын негізгі миналар. Жарылмайтын инженерлік бөгеттер. Жарылмайтын және мина – жарылғыш бөгеттерден өту.
Атыс дайындығы. Атыс негіздері. Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы жайлы түсінік. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің құрылымының жұмысы. Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері. РГД -3, РГ -42, Ф – І қол гранаттарының арналуы және ұрыстық
қасиеті. Гранаттар, оқ – дәрілер, қару-жарақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің жұмысы. Мергендік винтовкамен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдері. Гранататқыштың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы. Гранататқыштың негізгі бөліктері мен механизмдері. Гранататқьшты толымсыз бөлшектеу реті. Толымсыз бөлшектеуден кейін гранатаатқышты жинастыру реті.РПГ гранатаатқышының бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезіндегі кідірістер және оларды жою тәсілдері. Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарыкшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері, атыс қаруынан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Атыс қаруынан атыс жүргізу тәсілдері. Жарыкшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері. Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтау болып табылады.
Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері. Мергендік винтовкадан ату үшін атыс орнын таңдап алу. Жергілікті жерде атыс орнын ayыстыру тәсілдері. Атысқа ыңғайлану. Винтовканы оқтау тәртібі. Атыс жүргізу. Атысты уақытша немесе толық тоқтату. Винтовканы тексеру және оғын алу тәртібі. Тасадан ату тәртібі. Әуе нысаналарын ату тәсілдері. Гранат атқыштaн ату тәсілдері болып табылады.
ХХІ ғасырдың ғылым мен білім дамыған заманы немесе әскери білім мен ғылымды игеру кезеңі. Әскери білімдерді игеру арқылы жауынгердің басқаларға, оқу шарттарына деген қатынасы қалыптасады. Әскери қызмет – бұл мемлекеттік және қоғамдық мәнге ие міндетті борышты қамтамасыз ететін білім жүйесі. Жауынгер техниканы қолданады, ұрысқа жоғары деңгейде дайындалады, үнемі күштеу жағдайында болады, жауапкершілігі және маңыздылығы күшті тәрбиелік факторлар.
Жауынгер саяси, арнайы, әскери-техникалық, тактикалық білімдерді игереді, жарғылармен, нұсқаулармен танысады, әскери өмірді таниды. Тұлғаның кейпін анықтайтын берік ілімдер, дағдылар, ой-пікірлер қалыптасады.
Жауынгерлердің жеке басының дамуына
жарғылық тәртіп, адамдармен қарым-қатынас, еңбектің құралдары – техникалар мен қару-жарақтар әсерін тигізеді. Әскери қызмет – бұл ең алдымен, үлкен саяси-әлеуметтік мәнділігімен, ұрыстық техникалар мен қару-жарақтарды қолданумен сипатталатын жауынгерлік қызмет. Оның әсерінен қорғаушының кең пейілді белгілері дамиды. Қызметтің психологиялық құрылымын талдау осы процесте тұлға қалыптасып, адамның психикалық процестері мен психикалық қасиеттері дамитындығын көрсетеді. Бұл мәселені
алғашқы әскери дайындық сабағының педагогикалық мақсаттылығын анықтауда ескерген жөн.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі,
ШҚО Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернат
Кенесов Еркебулан Толеубекұлы