Жаңалықтар

Қазақстандықтардың шетелде қанша үйі бар?

Қазақстандықтардың шетелде қанша үйі бар?

 width= Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті шетелде алуға әуес, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Отандастарымыздың атына тіркелген үй-жай әсіресе, Ресейде көп. Бұл – мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпарат.
Қайта биыл біздің азаматтар шет мемлекеттерден үйді аз алған. Былтырға қарағанда, өзге елдерде жылжымайтын мүлікті сатып алу көрсеткіші 12 процентке төмендепті. Бұған пандемия әсер еткен көрінеді. Қазақстандықтардың кейбірі өз елінде басы бүтін баспанаға зар болып жүргенде, енді бірі шетелде үйлі болып жатыр. Әрине, кім қайда тұрамын десе де өз еркі. Дегенмен бүйірді қысқан пандемия өзге елге өзек байлағысы келетіндердің де қалтасына салмақ салғандай. Сөзіміз сөлді болу үшін айталық, былтыр шетелде жылжымайтын мүлік алу көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 12,5 процентке кеміген. Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер комитеті жариялады. Сонымен жерлестеріміз көбіне үйді Ресейде алуға бейіл. 2020 жылы көрші елде 3,5 мың азамат баспана алған. Екінші орында Болгария мемлекеті тұр. Өткен жылы мұнда қазақстандықтардың атына 272 жылжымайтын мүлік тіркелген. Отандастарымыздың иелігінде Түркияда 216, Испанияда 187, Біріккен Араб Әмірлігінде 69 үй-жай бар көрінеді. Сатып алынған тұрғын-жайдың саны қысқарғанымен елді таңдауға келгенде қазақстандықтардың «тәбеті» өзгермеген сыңайлы.