Иерусалимдегі Құрбан айт кезінде 65 адам зардап шекті

12 Тамыз, 2019 121 0

Иерусалимде Құрбан айт мерекесі кезінде 65-ке жуық адам зардап шекті, деп жазады DW.

Еврейлердің қираған ғибадатхана үшін ұлттық аза тұту күні Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келді.

Әл-Ақса мешітіне мыңдаған мұсылмандар мерекеге келгенде, храмдар тауының кіреберісіне көптеген еврейлер жиналған. Палестиналықтар арасында еврейлердің сол аумаққа рұқсатсыз кіріп жатқаны туралы хабарламалар тарап кеткен. Нәтижесінде палестиналықтар наразылық білдіріп, полиция гранаталарды қолдануға мәжбүр болды.

Полициямен қақтығыс нәтижесінде 61 палестиналық жарақат алып, олардың 15-і ауруханаға жеткізілді. Төрт полиция қызметкері палестиналықтар лақтырған тастар мен басқа заттардан жарақат алды.

  • Аталмыш ғибадатхана еврейлер мен мұсылмандар үшін қасиетті орын. Ол Иерусалимнің шығыс бөлігінде орналасқан. Бұған дейін мұнда бірнеше рет террорлық шабуылдар мен қақтығыстар орын алған. 
Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: Иерусалим, айт, полиция, қақтығыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.