Төтенше жағдайлар министрі суға батқан қызды құтқарған жігітті марапаттады
Төтенше жағдайлар министрі суға батқан қызды құтқарған жігітті марапаттады

Адам өмірін құтқарудағы ерлігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін сізге алғыс білдіремін, - деді Юрий Ильин.Оқиға 2021 жылдың 26 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының Ақбұлақ өзенінде болған. Күндізгі уақытта көпірлердің бірінен қыз бала кенеттен секіріп кетеді. Оның суға секіргенін көріп сол маңдағы адамдар көмек сұрап айқайлаған. Сол сәтте елдордалық жоғары оқу орындарының бірінде қауіпсіздік қызметкері болып жұмыс істейтін Асылбек Нұржанов суға секіріп, қызды құтқарған.
Ол кезде қыз ес-түссіз жатқан болатын. Оқиғаның өзге куәгерлері маған жағаға шығуға көмектесті. Олар қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті,- дейді батыр жігіт.
