270 мыңнан астам шымкенттікке 42 500 теңге тағайындалды
270 мыңнан астам шымкенттікке 42 500 теңге тағайындалды
Миллионды қаланың 500 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік көмек алуға өтінім жіберген.
Соңғы мәлімет бойынша, Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 278 558 адамға әлеуметтік төлем тағайындалса, 249 596 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 278 558 азаматтың ішінде 265 776 өтініштер бойынша, ал, 12 782-сіне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 274 976 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған. Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.