Сарыағашта ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиғаның күтпеген мән-жайы анықталды
Сарыағашта ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиғаның күтпеген мән-жайы анықталды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында мектепте орыс тілі мен әдебиеті сабағынан беретін ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиға жалғасын тапты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Отырар"-ға сілтеме жасап.
№ 8 қазақ-тәжік орта мектебінің директоры Гүлсара Хасанова педагогті аудандық білім бөлімінен бөлу бойынша жұмысқа қабылдағанын айтады.
"Ол тестілеуден өтті, сосын екінші кезең - әңгімелесу, ол біздің мектепте өткен жоқ. Ол маған ауданнан бағыттама бойынша келді. Мен, әрине, оны қабылдадым", - дейді директор.