Павлодарда мас күйінде көлік айдаған шенеунік жазадан құтылмақ болған

Павлодарда мас күйінде көлік айдаған шенеунік жазадан құтылмақ болған

"Аталған тұлғаға полиция талабын орындамау, көлік құралын сақтандырмау, "темір тұлпарды" құжатсыз басқару және көлікті техникалық байқаудан өткізбеу сынды 4 баппен хаттама толтырылды. Осы заң бұзушылық аясында оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.Жүгенсіз жүргізушінің ісі сотқа жолданды. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оны 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Сотта ол өзінің кінәсінің мойындамаған. Павлодар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Серік Мардановтың айтуынша сот оның өркескел заң бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамап, көлік жүргізу құқынан 8 жылға айыру туралы шешім шығарған.