Текеліде үйдің төбесі опырылып түсті
Текеліде үйдің төбесі опырылып түсті
Текеліде тапа тал түсте апатты жағдайдағы үйдің төбесі құлап, тұрғындарды басып қала жаздады. Абырой болғанда, сол сәтте подъезде ешкім болмаған. Үлкендер үй сыртында жүрсе, балалар іште ұйықтап жатқан екен. Қосқабатты баспана өткен ғасырдың 50-жылдары салынған. Уақыт өте келе әбден тозығы жетіп, тұруға жарамсыз жағдайға жеткен. Сол 14 пәтерлі үйде қазір жалғыз отбасы ғана амалсыздан үреймен күн кешіп отыр. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жігерхан АДАЙХАНҰЛЫ Текелі қаласының тұрғыны Бала оянып, шырқырап, есіктен шыға алмай қалды. Мен есікті теуіп ашып, Үйден екі баланы алып шықтым, міне. Мынау есіктен шығып келе жатқанда құласа, не болды. Кішкентай бала не болады, брақ жараланады ғой, өлгеннен басқа ештеңе жоқ. Міне балкілер құлаған".Жігерхан Адайханұлы мұнда отбасымен 2008 жылдан бері тұрады. Алғаш сатып алғанда үйдің жағдайы тәуір болған екен. Жыл өте келе, төбесі опырылып, қабырғалары құлай бастаған. Іргетасы шөгіп, апатты жағдайға жеткеннен кейін, көршілердің де бәрі көшіп кеткен. Әкімдікке мұңымызды айтып, талай мәрте бардық, алайда, еш нәтиже жоқ, - деп отыр. Текеліде бұдан бөлек, апатты жағдайда 20 шақты үй бар. Онда 50-дей отбасы осылайша үреймен күн кешіп отыр. Өйткені, баспаналардың ешқайсысы жөндеуге келмейді, жарамсыз. Оның үстіне, моноқала сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Сондықтан, тек сүріп тастап, пәтер иелеріне үй алып беру керек. Алайда, оған қаржы жағы қолбайлау - дейді жауаптылар.
Аян РЫСБЕКОВ Текелі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Басшыларымыз комиссия құрып қазір келеді. Обследования жасаймыз да, жұмысшылар келіп, мынаны тазартып, ең бірінші осыны шығарамыз. Бірақ, бізде қазір коммуналдық меншікте бос үйлер жоқ. Бірақ, қазір тез арада шаралар қабылдаймыз".Жалпы, Текеліде соңғы екі жылда 14 пәтерлі 2 нысан сүрілген екен. Жауаптылардың айтуынша, биыл кезек осы үйге келгенде, қаражат бөлінбей қалған көрінеді. Сондықтан, бұл отбасы әлі қанша уақыт үреймен өмір сүрері белгісіз. https://www.youtube.com/watch?v=cqULei2VESk