Азық-түлік тағы да қымбаттайды

Азық-түлік тағы да қымбаттайды

Нұрхан ТІЛЕУМҰРАТОВ, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Себебі, әлемдік баға күнбағыс майына, шикізаты 53%-ке дейін өсті. 90 күннен кейін тағы да баға қалай өзгереді нарық көрсетеді. 3 ай ішінде мүмкін жаңа урожай шығып, баға өзгеруі мүмкін».Айтпақшы, базардағы бағаны реттейтін үш бірдей комитет бар бізде. Бірақ соның өзінде қайсы-қайсыда тауардың құнын тізгіндей алмай келеді. Негізгісі Сауда және интеграция министрлігі. Ведомства сайтында тұтынушылардың арызын қабылдайтын нөмірлер самсап тұр. Сандар сәндік үшін бе, әлде шынымен шағым қабылдай ма, хабарласып көрдік. Алғашқысы тұтқаны алмады... Келесісі телефонды көтергенімен біз күткен жауаптан жалтарды. Үшінші нөмірдің де тұрғындардың құқығын қорғауға құлшынып тұрмағанын байқадық. Бағаға тікелей жауапты Сауда және интеграция министрлігінен ресми жауап алудың сәті түсті. Десе де, баяғы жартас сол жартас. Тіпті халықтың өзі жаттап алған. «...Айтса бензин қымбат, доллар қымбат дейді. Біз де сатып алып кеп жатырмыз. Біз де қымбатқа алып жатырмыз дейді». https://www.youtube.com/watch?v=vI9UkoX66YA