Жаңалықтар

Президент несие тарихын сақтау мерзімін қысқартатын заңға қол қойды

Президент несие тарихын сақтау мерзімін қысқартатын заңға қол қойды

 width= Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Заң коллекторлық агенттіктерге борышкермен кез келген байланыс процесінің бейне және аудио жазбаларын жасауды міндеттейді. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі қарым-қатынасты немесе заңнаманы бұзуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон нөмірлерінен борышкермен өзара іс-қимыл жасауға тыйым салынады. Коллекторлық агенттіктер үшін олардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар да көзделген. Негізгі жаңалықтардың бірі - несие тарихын сақтау мерзімін 10 жылдан бес жылға дейін қысқарту болып табылады. Парламент бұл заңды 2021 жылдың сәуір айының соңында қабылдаған болатын.