Қазақтың бағына біткен неміс жазушы туралы не білеміз?
Қазақтың бағына біткен неміс жазушы туралы не білеміз?

Раиса ХИСМАТУЛЛИНА, Герольд Бельгердің жұбайы Ол қазақ мектебіне бірден екінші сыныпқа қабылданған. Білім ордасын үздік аяқтап, қазақ тілін керемет деңгейде меңгеріп шықты. Герольд өз қатарластарынан оқ бойы алда еді. Себебі, көп оқыды, ізденді. Абайдан үлгі алатын. Ағартушы туралы көп еңбек жазып қалдырды».Қазақ әдебиеті неміс баласына ұнап қалғаны соншалық, Герольд Бельгер кішкентай күнінен жазушы боламын деп алдына үлкен мақсат қойған. Бірақ, құжатсыз жүргендердің ол уақыттағы тағдыры оңай болған жоқ. Жазушыны Қарағандыдағы институттан да қуып жіберіпті. Бірақ, қазақ тілін жетік меңгеріп, Алматыға оқуға қабылданған.
Қанат ТАСЫБЕКОВ, Герольд Бельгердің досы Қазақ даласына сұрапыл жылдары жер аударылған немістер өте көп болды. Біраз бөлігі есейген соң Германияға қоныс аударды. Бірақ, Герольд Бельгер өзінің ғұмырын Қазақ халқына арнаған еді. Ол кісі өзінің бойына қазақ, неміс, орыс мәдениетін сіңірген бірегей тұлға».Бүгінде талантты жазушыға қойылған ескерткіш Алматыдағы саябақтардың көркін келтіріп тұр. Герольд ақсақал көзі тірісінде дәл осы жерде кітап оқығанды жақсы көрген екен.
Данияр ӘЛИЕВ, қалалық мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Бұл кісі тірі кезінде қазақ көзі тірісінде Гераға деп кеткен. Қаншама өзіміздің мұраларымызды басқа тілдерге аударып, неміс тіліне Абайды аударып, Әуезовты аударып қазақтың жырларын неміс тілінде жырлаған. Басқа да Еуропа тілдеріне аударған».Бар жан-тәнімен қазақ халқына берілген Герольд Бельгер соңынан 53 кітап жазып қалдырды. Осы кісінің арқасында Абайдың өлеңдері шет тілдеріне, Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтің шығармалары орыс тілдеріне аударылған. https://www.youtube.com/watch?v=h-fd2e2AD70