Президент Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады
Президент Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады

Құрметті Димаш! Жас кезіңнен өнер жолын таңдап, үздіксіз еңбектің нəтижесінде үлкен белестерді бағындыра білдің. Алдымен республикалық, кейін халықаралық байқауларда дара шықтың. Əн арқылы ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп, қазақтың тілін, қоңыр домбырасын, ізгі дəстүрлерін əлемге танытып келесің. Алдағы уақытта еліміздің рухани-мəдени саласын өркендетуге мол үлес қосып, білімің мен кəсіби біліктілігіңді жетілдіре беретініңе сенім артамын. Өзіңе денсаулық, жаңа табыстар тілеймін!", - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.