Жаңалықтар

Зейнеткерді ұрып-соғып, зейнетақысын алып кеткен

Зейнеткерді ұрып-соғып, зейнетақысын алып кеткен

 width= Ата досын үйіне шақырған онымен бірге екі ер адам келген. Шақырылмаған қонақтар үй иесін байлап, зейнетақысын алып кеткен. Сот қарақшылардың екеуін де 8 жылға түрмеге қамады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Диапазон газетіне сілтеме жасап.  Зейнеткер әйелі қайтыс болғаннан кейін бау-бақша ұжымындағы үйде жалғыз тұрды. Бір күні атаға танысы  телефон соғып қонаққа келуге сұранады. Ол қараңғы түскен кезде досымен бірге келді. Ата екі әйелді үйге кіргізді, ал есікті жабуға тырысқанда,  артынан қонақтармен бірге  екі ер адам ентеледі. Ер адамдар үй иесін ұрып-соғып, содан кейін  басына жаңбыр жамылғысын кигізді,  ол тұншығып, есін жоғалта бастаған. Олар қол-аяғын байлап, ақша талап еткен. Әйелдердің бірі атаға көмектеспек болғанда ер адам оны шапалақпен тартып жіберген. Кетер алдында қарақшылар атаға тіс жармау керектігін айтқан.   Олар кеткеннен кейін ата арқаннан босап шығап, көршісінің үйінен, полиция шақырады. Ол өзінің кілемнің астына жасырылған  80 мың теңгесін жоғалтып алғанын біледі. 36 және 43 жастағы екі дос ұсталып, қарақшылық шабуыл жасады деп айыпталды. Олар атаның үйінде болғанын айтты бірақ оған зорлық-зомбылық көрсеткенін  мойындамады. Сот екеуін де қылмыс үшін кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.