Шымкентте 11 жасар балаға қазық қадалып қалды
Шымкентте 11 жасар балаға қазық қадалып қалды
Шымкентте 11 жасар оқушы ойнап жүріп абайсызда құлап, салдарынан сол жақ өкпе тұсына қазық кіріп кетті. Бала жақын жердегі №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Шамамен 15-20 сантиметрлі қазық кіріп кеткен оқушыға дереу ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті аяқталған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бір қалыпты. Ақ халаттылар ата-аналарға балаларына баскөз болып, сақ болуға шақырады.
Жаз мезгілінде осыған ұқсас оқыс оқиғалар саны артады. Дәрігерлер, ата-аналарға барынша балаларына баскөз болып, сақтанып жүреге шақырады.