Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болады
Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болады
Суретші портретті ұстап тұрған әйелдің қолын бейнелеген. Бұл - батырларды майданнан күткен аналары мен сүйіктілері.
Арт-жоба Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлады астаналық әкімдік.
Туынды авторлары TigrohaudCrew командасының граффити-суретшілері - Ержан Танаев пен Али Закир. Олар Қазақстан бойынша 15-тен астам ірі жобаның авторлары. Жуырда астанада дәрігерлерге арналған суретті де салды. Бауыржан Момышұлы суретін қабырғаға бейнелеуге бір апта жұмсалған. Оған дейін бір айдан астам уақыт бойы дайындалды.
Сілтеме