Кентаудағы былық: құжатта бар су мен газ, іс жүзінде жоқ болып шыққан
Кентаудағы былық: құжатта бар су мен газ, іс жүзінде жоқ болып шыққан

Нұрәді АЛМЕРДЕНОВ, Үшқайық ауыл округінің әкімі Бізге үш айдан кейін хабар жетті. Осы бітпеген объектіні қабылдап алды. Кентау қаласының коммуналдық бөлімі қабылдап алды. 35 пайыз бітпеген объектіні қабылдап алып, содан бері ауыз су берілген жоқ. Халық зардап шегіп отыр. Әлі күнге дейін осы айқай-айқай, бітпейтін айқай. Құжат жүзінде сондай болып отыр, шын пайдаланбай отыр».Үшқайықтықтардың базынасы бір бұл ғана емес. Тұрғындары көгілдір отынға да жарымай отыр. Ауылдық округке қарасты төрт елді мепкенді газбен қамтамасыз ету үшін 1 млрд теңге жуық қаржы бөлінген. Алайда, жұрт әлі күнге дейін отын тасып, пеш жағып жүр. Тіпті, көгілдір отынның орнатылған құрылғылары қирап, трубалары қисайып қалған. Ал, сол кезде Үшқайық ауылдық округі Кентау қаласының құрамында болған. Кенді шаһардың әкімі Дәурен Махажанов су мен газ тарту кезінде қателіктер анықталғанан соң, қабылдап алмадық деп отыр. Енді мердігерді жауапқа тарту үшін құзырлы органдарға жүгініпті.
Дәурен МАХАЖАНОВ, Кентау қаласының әкімі Ең бірінші мына өткізілген жүйені ҚазТрансГаздың теңгеріміне беруіміз керек. Олар қабылдап алуы керек. Қабылдаған кезде тағы да тексеруден өткізеді. Содан кейін "ия, бітті толығымен қолдануға жарамды" деп шешімін қабылдайтын болса, сол кезде ғана газ сол жерге келеді. Су бойынша мердігер жаңағы жыртып кеткен трубаларды өз есебінен ретке келтіретін болады. Ну вот сол. Оның алдында су барып тұрған». Ашынған жұрт жауапты атқамінерлердің табалдырығын тоздырған. Бірақ, одан шыққан нәтиже жоқ. Енді дауға айналған мәселелерін айтып прокуратураға шағым түсірген.https://www.youtube.com/watch?v=c9ZNEc1N7HM