Жаңалықтар

Психологиялық тест: Суреттен ең алғаш нені байқадыңыз?

Психологиялық тест: Суреттен ең алғаш нені байқадыңыз?

 width= Суретке мұқият қараңыз да, не көргеніңізді есте сақтап алыңыз. Тек көзіңізге түскен бірінші заттың жауабы ғана сізге сәйкес келеді. Қол Көшбасшылық қабілеті мол адамның көзіне бірден осы сурет ілігеді. Қазір бар назарыңыз жұмыста шығар әлде жаңа жобаны қолға алғалы жатсыз. Білек сыбана кіріскен ісіңізге әлі де көп еңбек сіңіруіңіз керек. Ал нәтижесі көп ұзамай көңіл қуантарына сене беріңіз. Пальма Демалысты аңсап шаршаған адам бірден осы картинаны көреді. Бірінші кезекте пальманы байқасаңыз, әбден қалжыраған екенсіз. Бір адамдай демаларлық жұмыс істеген шығарсыз, енді бір сәт өзіңізге еркіндік беру жағын ойластырыңыз. Шам (лампа) Ақыл-ой жүйесі техникалық бағытқа бұрылған адам осы бейнені көреді. Қазір аса маңызды техникалық мәселені шешуге бар зейініңізді шоғырландырып жүрген боларсыз. Алаңдамаңыз, көп ұзамай оң нәтижені де көресіз. Тотықұс Бұл көтеріңкі көңілден хабар береді. Романтик, оптимист, қиялшыл болудың ауылы сізден алыс емес. Негізі сізге өміріңіздегі біраз нәрсеге жауапкершілікпен қарап, салмақтырақ болу керек.