Перзентханада ауысып кеткен: Павлодарлық келіншек 27 жылдан кейін туған қызын танып қойды
Перзентханада ауысып кеткен: Павлодарлық келіншек 27 жылдан кейін туған қызын танып қойды

Олар маған қара көзді, денесінің түсі қара қызды сіздің балаңыз деп қолыма ұстатты. Менің күйеуімнің бойында шешеннің қаны бар. Сондықтан, бұл менің қызым болмауы мүмкін деп ойлаған емеспін”, – дейді Светлана.Былтыр Светлана әлеуметтік желіде өзіне қатты ұқсайтын бір қызды көріп қалады. Мұндай сәйкестікке таңғалған Светлана балаларды перзентханада ауыстырып жіберуі мүмкін екенін түсінеді. Әйел Павлодарға барып, қызбен кездескен. Артынша ДНҚ нәтижесі шығып, Светлана Педченконың өсірген қызы оның баласы болмай шығады. Светлана мен күйеуі қазір аурухнаға шағым түсірген. Светлананың өз қызы жақсы отбасыда өсіп, тәрбиеленген. Алайда Светлана және оның күйеуі әділдікке жетіп, аурухана қызметкерлерін сәбилерді ауыстырғаны үшін жауапқа тартуды жөн санайды. Ерлі-зайыптылар ауруханадан 20 миллион теңге өтемақы талап екен. Екінші отбасы талап арыз жазбаған. Қазір отбасы Ресей Федерациясында Новосибирск қаласында тұрады.