Елордада бір жастағы бала 4-қабаттан құлап кеткен
Елордада бір жастағы бала 4-қабаттан құлап кеткен

«18 мамыр күні кешқұрым қалалық аурухананың жансақтау бөліміне төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алған бір жасар бала жатқызылды. Пәтерде екі жастағы және бір жастағы қос сәбиімен анасы бірге болған. Балалардың анасы кір жуып жүргенде, сәбидің бірі асүйдің ашық тұрған терезесінен құлап түскен. Терезеде москит торы болған, ал қауіпсіздік жабдықтары орнатылмаған», - делінген Полиция департаменті мәліметінде.Бұдан бөлек, өткен аптада 4 жастағы бала 10-қабаттан құлап, мерт болды.