124 жылдан кейін қайта оралған аптап ыстық
124 жылдан кейін қайта оралған аптап ыстық
Мәскеуде жаңа температура рекорды тіркелді. Соңғы рет мұндай жылу Мәскеуде 124 жыл бұрын байқалған. Бұл туралы "Фобос" ауа райы орталығының жетекші әрі қызметкері Евгений Тишковец айтты.
Синоптик ВДНХ-дағы метеостанция 29,2 градус температураны тіркегенін және оның күні бойы өсе беретінін жеткізген.
Гидрометеорологиялық орталықтың ғылыми жетекшісі Роман Вильфандтың айтуынша, 18 мамыр, сейсенбі күні 32 градусқа дейін жылу болжанып отыр. Соңғы рет осындай ыстық ауа-райы Мәскеуде XIX ғасырдың соңында, 29,1 градус болған кезде тіркелген.