8 жасынан бері зорлаған. Анасы қылмысты жасырды деп айыпталды
8 жасынан бері зорлаған. Анасы қылмысты жасырды деп айыпталды
Алматы облысында жергілікті тұрғынды немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыптады. Оған қоса қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей Андреев Facebook-те жантүршігерлік оқиғаның егжей-тегжейін айтты.
Оның айтуынша, оқиға Қарасай ауданында болған. Зардап шеккен 15 жастағы қыз, ата-анасы ажырасқаннан кейін алдымен әкесімен, кейін анасымен бірге тұрады.
"Бәрі қайғылы әңгімедегідей басталады: қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Бірақ олардың екі баласы бар - ұл мен қыз. Анасына балалары аса қажет болмағаннан ба, олар біраз уақыт әкесімен Астанада тұрған (қазіргі Нұр-Сұлтан - авт.ескерт.). Бірақ кейін балалар Алматыға анасына көшіп келеді. Әйелдің туыстарының айтуынша, ол әскери бөлімде қызмет етеді. Сол үшін қаладағы тұрғын үйді жалға алу және балалары үшін қандай да бір өтемақы беріледі. Балаларын сол үшін алдырған. Дегенмен әйел азаматтық некеде тұрады. Соңғы уақытта қыз туыстарының үйіне қонуды шығарған. Бірақ ол анасына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Туыстары себебін білуге тырысқан. Қыздың айтуынша, анасы ішімдік ішкен кезде оны Шамалған қаласына әпкесінің үйіне жібереді. Онда оны әпкесінің ұлы үнемі зорлайды екен. Яғни, немере ағасы. Бұл жағдай сегіз жасында басталған", - деді ол.