Алматыда біртүрлі әйел балаларға шабуыл жасаған
Алматыда біртүрлі әйел балаларға шабуыл жасаған

Балалар ойнап жүріп, өзара жанжалдасып қалған. Осы тұста бейтаныс әйел оларға жүгіріп келіп, балағаттап, қорқыта бастаған. Содан кейін бір баланы ұстап алып, оның құлағына айқайлаған. Мұны көрген жеткіншектің бірі әйелдің бұл қылығын телефонға видеоға түсіріп алмақшы болыпты. Десек те ол мұны байқап қалып, баланың қолындағы смартфонды тартып алуға әрекеттеніп, оны тырнап, итеріп жіберген", - делінген әлеуметтік желіде таралған жазбада.