Жаңалықтар

Жол апаты бір отбасын жалмады

   width= Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы мерт болды. Қаза тапқандар арасында кәмелет жасқа толмаған екі бала бар. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап  хабарлайды. Қайғылы оқиға "Өскемен-Алтай" тас жолында Глубокое ауданының маңында болған. Полицейлердің мәліметінше, жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетіне аударылып, отқа оранған. Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Салоннан олардың күйік шалған денелері ғана табылған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты.

ТАЛҒАТ НУРИЕВ, ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сот-сараптамалар тағайындалды. Нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданатын болады. ПД жүргізушілердің жол ережесін, жол жылдамдығын сақтап, көліктердің техникалық жарамдығын қарауды сұрайды»

https://www.youtube.com/watch?v=V9-w-dBpWLU