Шымкенттік ветеринарларға дәрі-дәрмекті өз қаржысына сатып алуға мәжбүрлеген кім?
Шымкенттік ветеринарларға дәрі-дәрмекті өз қаржысына сатып алуға мәжбүрлеген кім?

Әшірбек ЖОЛДАСОВ, ветеринарлық дәрігер Егер қысқартатын жағдай болса, мен үлгере алмаймын. Егер мен шығып кететін болсам орыныма келген тем более үлгере алмайды. Вообще қиын болады".Шамадан тыс жұмыс істеп жатқандарыңыз жалақсыларыңызға әсер ете ма? Ай жоқ, ешқандай әсер етпейді. Жаңағы окладымыз бар. Мен өзім вет врачпын жоғарғы білімді. Маған берілетін 100 мың теңге айлық. Болды». Сондай-ақ, мал дәрігерлері мекеме тарапынан берілуі тиіс керек-жарақ заттардың біреуінде алмайды екен. Тек «аш құлақтан тыныш құлақ» деп өз қаражаттарына сатып алатын көрінеді. Тіпті, жыл сайын қаңтар және ақпан айларында белгісіз себептермен жұмыссыз қалады екен. Сөйтіп, 2 ай бойы жалақыдан қағылады. Ал, еңбек демалысының ақшасын тек түсімізде көреміз деп отыр.
Әлішер ЖЕҢІСБЕК, ветеринарлық дәрігер Бізге жұмысқа кіргенімізге мысалы 5-6 жылдан бері перчатка, маска дегенді қалтамыздан сатып алып жүрміз, мекемеден берілген емес. Негізі беріліп жатыр дейді? Қалағанынан сұраңыз бәрі айтып береді».Ал, жауапты шенеуніктер қысқартуды Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіп жатырмыз дейді. Бірақ, ветеринарлық дәрігерлер мүлдем қысқартуға ілінбейді деп ант-су ішті. Десе де, мекеменің әкімшілігінде жұмыс істейтін 25 пайыз қызметкер жұмыссыз қалады. Ал, тиісті басқарма басшысының орынбасары керек құрал-жабдықтарды бергенбіз деп ақталып бақты. Алайда, жыл сайын қанша қаражат бөлінетінен бейхабар болып шықты.
Нұрсұлтан КЕНЖЕБАЕВ, қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шымкент қаласы алты бекетке бөлінген. 6 бекет меңгерушілері өздеріне тиесілі жаңағы айтып жатқан, перчаткасын басқа да құрал-жабдықтарын бәрін қол қойып, түгелімен қабылдап алған болатын".Қанша ақша бөлінген? Мен сізге точна қанша ақша екенін айта алмаймын» Жиналғандардың айтуынша, еліміздің қалған өңірлерінде ветеринарлық дәрігерлер Ауыл шаруашылығы министрілігіне қарайтын ветеринарлық станцияның құрамына кірген. Ал, шымкенттік шенеуніктер бұл жұмысты атқаруға құлықсыз көрінеді. Мамандар, басшылыққа төтесінен қойған талаптары жуық арада орындалмаса, жоғарғы жақа шағымдануға дайын екеніндерін жеткізді. https://www.youtube.com/watch?v=kQ70a3JjM_U&t=3s