Жаңалықтар

Иранға жаңашылдық әкелген соңғы патшайым

Иранға жаңашылдық әкелген соңғы патшайым

 width= Осыдан 60 жыл бұрын әлемдегі ең керемет тойды басылымдар жарыса жазған. Бұл Иран мемлекетінің патшасына тұрмысқа шыққан Фара атты әзірбайжан қызы болатын. Қазіргі мұсылман мемлекетіне заманауи үрдіс әкелген ол, 7 ғасырдан бері "патшайым" атауына ие болған жалғыз әйел. Бүгінде ол 82 жаста. Фарах Диба 1938 жылдың 14 қазанында дүниеге келген. Фарах бақуатты отбасыдан шыққан, Тегеранда одан соң, Парижде білім алған. 1959 жылы Париждің Иран мемлекетінің елшілігінде ирандық студенттерді таныстыру кезінде патша студент қызға бір көргеннен ғашық болған. Түр-сымбаты келіскен, оқымысты, жас қызға ел басшысының ойы кетеді. Бұл кезде Иран патшасы екі әйелінен ажырасқан еді. Алғашқы әйелі мысырлық ханшайым Фавзия мен екінші жары жартылай неміс Сорайя патшаға мұрагер сыйлай алмайды. Сол жылы Иран патшасы Мұхамед Реза Пехлеви Фарахқа үйленеді. Осылайша Иран мемлекетінің тарихындағы жаңа парақтар ашылады. Фарах патшаға екі ұл, екі қыз сыйлайды. Алғашқы кезде Фарах мемлекеттік істерге араласа қоймады. Күйеуінің денсаулығы сыр бере бастаған соң, мұрагерлері кішкентай болғандықтан, патша жарына патшайым деген атақ береді. 1967 жылы дүйім жұрттың алдында ұлықтап, тәж кигізіп, патшайымын таныстырады. Фарах Пехлеви 70 жылдары мемлекетке жаңашылдық әкеледі. Шығыста оны "сәнқой патшайым" деп атады. Өнерге, сәнге, жалпы әйелдер қауымына мүмкіндіктерге жол ашты. Пәренже киетін Иран әйелдерін батысша киінуге үйретті. Медицина, спорт, білім салаларын қадағалап, қарапайым жұртқа жақын болуға тырысты. Әйел құқығы үшін күресті. Азиядағы ең үлкен мұражайлардың іргесінің қалануына мұрындық болды. Патшаның билігіне қарсы мұсылман қарсыластарының ашуын өзінің реформаларымен одан бетер ушықтырды. Хомейни Аятолланың соңына ерген мұсылман көтерілісінің кезінде патша және оның отбасы Ираннан қашуға тура келеді. 1979 жылы патша құлатып, билікке Хомейни келеді. Осылайша патша отбасымен бірге Мысыр, Марокко, Багам аралдары мен Мексикада қашып күнелтеді. Иран билігі шетелдегі патшаны елге алдырмақ болады. Алайда патшаның бұл кезде ауруы асқынып, 1980 жылы Каирде көз жұмады. Патшайымды бұдан кейін де бақытсыздық күтіп тұрады. Оның сүйікті қызы Лейла мезгілсіз қаза болады. Ол модельдік бизнеспен көзге түсіп үлгерген болатын. Алайда қонақүйлердің бірінде мәйіті табылады. Өлім себебі анықталмады дегенмен, есірткі пайдаланған деген деректер бар. Ал 2011 жылы ұлы Али Реза үйінде қарумен атылып өледі. Бүгінде Фарах патшаның жесірі АҚШ пен Парижде өткізуге тура келеді. Үлкен ұлы мен немерелерінің ортасында патшайым әжей болып отыр. Үлкен ұлын саясатта әрқашан қолдап отырады. Қалай болғанда күнде де өз мемлекетінің тарихында ең алғашқы және соңғы патшайым деген атпен қалары анық. Фарах Пехлеви өз заманының ең күшті және атақты әйелі болып қала бермек.