Көкшетауда 40 жастағы ер адам көшеде қызды зорлап тастады

06 Тамыз, 2019 319 0

Көкшетауда түнде көшеде қыз зорлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 3 тамыз күні түнде болған. Сағат кешкі 22:00 шамасында көшеде қыздың зорланғаны туралы хабарлаған.

Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру кезінде 1979 жылы туған Көкшетау тұрғынын қолға түсірді. 

Күдікті кінәсін толығымен мойнына алған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.


Тегтер: Көкшетау, зорлық, қыз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.