Ақтоты Райымқұлова отставкаға қашан кететінін айтты
Ақтоты Райымқұлова отставкаға қашан кететінін айтты

«Конституцияға сәйкес кінәсіздік презумпциясы бар деп айтқым келеді. Ең алдымен, кінәні дәлелдеу керек. Егер кінә дәлелденсе, онда, әрине, заңға сәйкес, мен отставкаға кетемін. Бірақ, бұл кінә дәлелденген жағдайда», - деп қайталады Мәдениет министрі.Еске салайық, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың ұсталғаны туралы ақпарат 22 ақпанда тарады. Шенеунік букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсетті және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.