Вакцина паспортын 15 мың теңгеге сатып келген
Вакцина паспортын 15 мың теңгеге сатып келген

Мақпал Сералинова, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Бұр әрекетке барған медициналық қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шықты. Қазір іс бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу қорытындысына сәйкес, күдіктілер тиісті жазаға тартылады.Вакциналау паспортын табыс көзіне айналдырғандар Нұр-Сұлтан қаласында да бар. Мұндағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде екпе салып жүрген дәрігерлер осындай күдікке ілінді. Олар келген адамдарды вакцина алу туралы райынан айнытқан. Есесіне, 5 мың теңгеге заңсыз паспорт жасап беруді ұсыныпты.
Ботагөз Кәукенова, медицина ғылымдарының докторы Бізге заңсыз паспорт жасап беруді ұсынатын дәрігерлер туралы шағымданатындар көп. Сондай тұрғындардың бірі Asia park сауда-ойын сауық кешеніне вакцина алуға барған. Мамандар оны базаға екпе алған деп енгізуді, ал іс жүзінде вакцинаны салдырмауды ұсынған. Қарағанды мен Шымкенттен де осындай шағым келіп түсті. Мұндай мәселенің туындауына кей мекемелердің қызметкерлерін екпе алуға міндеттеуі себеп деп ойлаймын.Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы тексеріс жүргізгенімен, «вакциналау паспортын сату дерегі анықталған жоқ» деп, істі жылы жапты. Бұған дейін Алматыдағы №21 емханада да осындай шу шыққан болатын. Бұл дерекке қатысты полицейлер әлі тергеу жүргізіп жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі Сезікті ретінде екі азамат, екі медициналық мекеменің қызметкері танылды. Қазір олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Содан соң заңнама аясында шешім қабылданады.Жалған құжат дайындап сату – қылмыс. Мұндай заң бұзушылыққа барғандардың 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Заңсыз құжатты қолданғандарға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.