Оралда салонда шашын боятқан әйел аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Оралда салонда шашын боятқан әйел аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Оксана "жедел жәрдем шақырмаңыз, мен оны өзім қалпына келтіремін" деп айқайлады. Мені шешіндіріп жуындыра бастады", - деді Зульфия.Оның сөзіне қарағанда, сол сәтте салон директоры өзінің жеке дәрігерлеріне қоңырау шала бастаған. Дәрігерлер телефон арқылы Зульфияға "Валерьянка" дәрісін беруге кеңес береді. "ZAMA" салонының қызметкерлері клиенттің аяқ-қолы ұйый бастағанын білгенде ғана жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдады.
Жартылай әлсіз күйде мен оларға қолымның көгеріп бара жатқанын көрсетіп, жедел жәрдем шақыруын өтіндім", - дейді Зульфия Длимбетова.БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаны растап, науқас шок күйінде түскенін айтты. "Келген кезде топ алғашқы медициналық көмек көрсетіп, науқасты жансақтау бөліміне жеткізді. Аллергиялық реакция. Қазір жағдайы тұрақты, оны терапия бөліміне ауыстырды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы . "ZAMA" сұлулық-сауықтыру орталығында телефонға жауап берген қыз басшылық түсініктеме беруден бас тартқанын айтып, соңында "егер директор қажет деп тапса, өзі хабарласады" деп қосты. Зульфия Длимбетованың айтуынша, ол полицияға арыз жазып үлгерген, сонымен бірге сотқа талап арызбен жүгінуге ниетті екенін мәлімдеген.