Қазандағы қырғын: 8 адамды атып өлтірген мектеп оқушысы туралы тың деректер айқындалуда

Қазандағы қырғын: 8 адамды атып өлтірген мектеп оқушысы туралы тың деректер айқындалуда

Оқушының анасы Нақты ештеңе білмейміз, автоматтың даусы естілді. Артынан жарылыс болды дейді. Жараланғандар көп деп естідік. Ештеңені түсініп үлгерместен, бәрі қаша жөнелді. Сосын күштік құрылым өкілдері іске кірісті».Қатарластарына автоматтан оқты қарша боратқан қандықол 19 жастағы Ильназ Галявиев болып шықты. Қылмыс жасамас бұрын арам ойы туралы әлеуметтік желіге жазған да екен. Бірақ ешкім мән бермегенге ұқсайды. Ол адамдарды биологиялық қоқысқа теңеп, әлемді тазартатынын мәлімдеген. Өзгелерді де осы іске шақырыпты. Оқиға орнына жеткен Татарстан президенті Рустам Минниханов қандықол қарақшының атына тіркелген ресми қаруы бар деп мәлімдеді. Сондай-ақ қаза болған адамдардың отбасына және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.
Рустам МИННИХАНОВ, Татарстан президенті Бұл ауыр қайғы. Біз жеті баламыздан айрылып қалдық. Бәрі сегізінші сыныптың оқушылары. Төрт ұл, үш қыз. Тағы 16 адам, 12 бала мен 4 ересек жарақатпен ауруханаға жатқызылды».Шұғыл әрекет еткен қарулы күштер мектеп аумағында контртеррористік операция жүргізіп, мергенді қолға түсірді. Әзірге оның сыбайластарының бар-жоғы анықталып жатыр. Қаладағы барлық оқу орнының күзеті күшейтілді. Ал бейбіт күнде оққа ұшып, отбасын қара жамылдырған құрбандар үшін ертеңгі күн, яғни 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. https://www.youtube.com/watch?v=OIcr_S9skOM