Жайылым жерді тартып алды
Жайылым жерді тартып алды

НҰРЖАН СМАНОВ, Қазығұрт ауданының тұрғыны Екі сиырым бар. Бірақ жайлым жоқ. Ал басқаларында ондап, жиырмалап сиыры бар. Бірақ үйінде бір адам пенсионер шешесі бар. Мысалы, Мұхит деген братан бар. Басқаша ешнәрсе жоқ. Үйінде тек малмен отыр. Жайлып жоқ. Не істеуі керек ол? Әй өзбек ағайындар секілді арқандап жүрміз. Ташкентте солай жүреді екен. Осы кезде аш тұр».«Бұл жер негізінде мал жайылымы болуы керек екен. Ал, қазір қоқыс полигонына айналып кеткен. Жайлым жері жоқ малдар аш болғанан кейін дәл осы жерге келіп қоқысы жеп, қырылып жатқан көрінеді». Ал, шаруашылық директоры жағдайдан хабардар екенін жеткізді. Тек мәселені түбегейлі шешуге құзыреті жетпейді екен. Мен жәй ғана орындаушымын деп ат тонын ала қашқан басшы, жоғарыдан халыққа жерді тарат деген пәрмен келсе қазір орындауға дайынмын, дейді.
Дәулет АБДРАСИЛОВ, Тәжірибелік-өндірістік шаруашылық директоры Халыққа жерді беруді басқа-басқа біз шешпейміз. Біз орындаушымыз осы шаруашылықтың. Тұқым өндіру, егістік егу сол жұмыстарды атқарып орындаушымыз. Ал, жердің құрылтайшысы ұлттық аграрлық ғылым білім беру орталығы. Негізі құрылтайшыға ауыл шаруашлығы министрілгіне шейін осы ауыл тұрғындары атынан арыз-шағым түскен. Ол мәселе әлі қаралып жатыр. Бізге жауап ешнарсе келген жоқ».Ал, аудандық әкімдіктегілер жуық арада елордаға барып, жердің бір бөлігін қайтарып алуға келіссөз жүргіземіз деп сендірді. Ашуға булыққан жұрт жауыр болған мәселе оң шешімін таппаса, жайылым жер үшін жанымызды береміз деп тарқасты. https://youtu.be/n-EfRTQYrvg