Сағынтаев: ЖОО ректорлары ақша табамыз деп Үндістаннан студенттер шақырып жатыр
Сағынтаев: ЖОО ректорлары ақша табамыз деп Үндістаннан студенттер шақырып жатыр
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясының отырысында депутаттарды және кәсіпкерлерге қызметкерлерге вакцина салу қажеттілігін түсіндірді.
Ашығын айтсақ, кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлерінің арасында вакцинациялау тиісті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ. Әлеуметтік сала өтті, мемлекеттік қызмет өтті, құқық қорғау жүйесі өтті, қарт адамдар да, созылмалы аурулары бар адамдар да вакцина салғызып жатыр. Кәсіпкерлермен кездесу кезінде, жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіздер, біз бірінші болып вакцина салдыруға кезекке тұрамыз дегендер көп болды. Бірақ кәсіпкерлікке жеңілдік бергеннен кейін олар вакцина салғызу туралы тіпті ұмытып кетті. Барлығы қорқамыз дейді. Бірақ бизнес иелерінің өзі үлгі болып, вакцина салғызып, екпе жасатудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алмай отыр", - дейді Сағынтаев.Қала әкімінің айтуынша, жоспар бойынша Алматыда 950 мың адам вакцинаны алуы керек. Бүгінгі күні 250 мың азаматқа вакцина егілді, соңғы күндері тек 1500 адамға вакцина егілді. Сонымен қатар, әкім қалада коронавирустың үнді штамының таралуына жол бермеу маңызды екенін атап өтті.
Елімізде коронавирустың британдық, оңтүстік африкалық штамдары бар. Құдай сақтасын, бірақ жақын арада үндістандық штаммның келу қаупі бар. Жақында ғана Үндістаннан студенттер алып келу мәселесі көтерілді. Жоспарлы түрде білім алушыларды шекарадан өткізбек болды. Университет ректорлары ақша табамыз деп, үнді штаммдарының келуі туралы мүлдем ескерместен, Үндістаннан студенттер шақырып жатыр. Олар мұны жасырын түрде жасағысы келді", - дейді Сағынтаев.